45 миллион теңге салынған сөмке ұрланды

Oinet.kz 06-03-2020 1079

Орал қаласында 45 миллион теңге салынған сөмке ұрланды, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

64210f29e14ad3b274f821f2e9bd8260.jpg

Сөмкеде доллар, евро, рубль және теңге болған. Полицияның хабарлауынша, ұрлық алдын ала жоспарланған. 

Ақша айырбастау пунктінің иесі 2 наурыз күні сағат 21.00-ге қарай пунктен шығады. Ол қаланың орталығында орналасқан. Оның бетіне газ баллон шашып, қолындағы доллар, евро, рубль, теңге салынған сөмкесін тартып алған. Жалпы шығыны 45 миллион теңгені құрайды, - деп хабарлады полиция.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК ("Ұрлық") 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

- Күдікті төрт адамның үшеуі ұсталды. Олардың біреуі ұрланған ақшаға екі көлік алып үлгерген. Бұған қарамастан шығынның жартысы қайтарылды. Тергеу жүріп жатыр, - деді БҚО полицейлері.

Н.Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті
Қытайда шаштараздар клиенттердің басын таяқпен жуып жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу