Ақтаулық жасөспірім ақша жинап, аула сыпырушыларын 8 наурызбен құттықтады

Oinet.kz 07-03-2020

Ақтаулық 10 жастағы Әлижан "Қала жолдары" қызметкерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Оның әрекеті желі қолданушыларын сүйсіндірді,  деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

photo_64510.jpeg

Ақтау тұрғыны Әлижан Instagram желісіндегі парақшасында коммуналдық қызмет жұмысшыларын мерекемен құттықтап, бір шоқ гүл сыйлап жатқан видесын жүктеді.

Әлижанның айтуынша, бұл идеяны анасы айтқан.

Instagram қолдаланушылары оның мейірімді әрекетін бағалап, пікір қалдырып жатыр. 

Пікір жазған адамдардың бірі бала гүлге ақшаны өзі жинағанын айтты. Ол үшін жасөспірім қаладағы кафелердің бірінің иесінен сағыз алатын автомат орнатуды сұраған екен.

Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтті
Ардагер аналарды құттықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу