Қарағанды облысының дәріханаларына 90 мың маска жөнелтілді

Oinet.kz 12-03-2020 878

Қарағанды облысындағы дәріханаларға 90 мың маска жөнелтілді, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.  

unnamed.jpg

Алдағы күндері жекеменшік дәріханаларға да жеткізу жоспарда бар. Айта кетейік, жуырда ғана іске қосылған шағын цехта 10 адам еңбек етеді. Мұндағы заманауи өндірістік желі минутына 100 дана бетперде тігеді. Денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, облыста бетперде тапшылығы болмайды, кәсіпорын толық қамтиды.

Қазір өңірде короновирусқа қарсы шараларды кешенді түрде жүзеге асыру үшін арнайы штаб құрылған. Дәрі-дәрмек пен медициналық керек-жарақ алу үшін республикалық бюджеттен қосымша 39 миллион теңге қаржы бөлінді. Бұған қоса аймақтағы емдеу мекемелері жанынан 400 орындық арнайы госпиталь дайындалды. Қазіргі күні Оңтүстік Кореядан келген 12 адам карантинде, енді 14 күн дәрігерлердің бақылауында болмақ.  

- Тоқсан мыңнан астам маска дайындады осы бір жұманың ішінде. Соларды біз қазір әлеуметтік дәріханаларға жіберіп жатырмыз. Тапсырыс бойынша басқа да жекеменшік дәріханаларға жеткізеді, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге тапсырыс бойынша жұмыс істейді, - деді денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Бибігүл Төлегенова. 

Қырғызстанға қашып кеткен "ЕSTATE Ломбард" директоры ұсталды
ДДҰ жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу