Дезинфекциялау жұмыстары әр айналым сайын жасалуда

Oinet.kz 18-03-2020

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 "Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы "Жарлығы аясында" Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов салалық кәсіподақтар басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын, деп хабарлайды Oinet.kz. 

4c745442-9096-4fd3-8846-2b10bf9b8429.jpg

Осы орайда, "YNTYMAQ" салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласының жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы Бауыржан Әлтеев кәсіподақ құрамындағы "Shymkent Bus" ЖШС-і автобустарына жасалатын санитарлық алдын алу шараларын тікелей бақылауына алды.

4c745442-9096-4fd3-8846-2b10bf9b8429.jpg 

Кәсіподақтар "Shymkent Bus" ЖШС-інде қызмет ететін еңбеккерлер мен қала ішінде қатынайтын жолаушылардың денсаулығы үшін алаңдаулы. Сондықтан да, дәрілеу (дезинфекциялау) жұмыстары әр айналым сайын жасалуда. Күніне 4-5 рет жасалатын профилактикалық жұмыстардың басы-қасында табылып жатқан кәсіподақтар осылайша ел алғысына бөленуде.

Чжун Наньшань: Қытайда ашаршылық болуы мүмкін
Адамдар бір-бірінен қандай қашықта тұрса вирус жұқпайды?

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×