"ҚазМұнайГаздың" 32 қызметкері карантинде жатыр

Oinet.kz 25-03-2020 1108

"ҚазМұнайГаздың" 32 қызметкері карантинде жатыр , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚазМұнайГаздың" ресми хабарламасында 32 адамның екеуі Атырау мен Павлодарда стационарлық бақылауда екені айтылды. Қалған 30 қызметкер үй карантинінде, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Павлодар және Шымкентте болады. "ҚазМұнайГаздың" барлық қызметкерлері шет елдерден келіп, бірден карантинге жатқызылған. 

Компанияның 8 қызметкері (орталық аппараттың 2 қызметкері және еншілес компаниялардың 6 қызметкері) екі апта оқшауланып, қазіргі уақытта карантиннен шықты, тест нәтижесі коронавирусты анықтаған жоқ. 

"24 наурыздағы жағдай бойынша, ҚМГ қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясын жұқтырған адам тіркелген жоқ", - деді компания өкілі.

Еске салайық, бұған дейін "ҚазМұнайГаздың" екі қызметкері коронавирусқа күдікті болғаны хабарланған. 

Аймағамбетов ата-аналарға хат жолдады
Сауд Арабиясында жүрген қазақстандық азаматтар елге оралды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу