Әрбір төртінші қазақстандықтың көлігі бар

Oinet.kz 26-03-2020 977

2020 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасында 80 933 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,3 пайызға ұлғайды. Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3 907,5 мың бірлікті құрады. Яғни 18 миллион халыққа 4 миллионға жуық «темір тұлпардан» келеді. Бұл дегеніміз елімізде әрбір төртінші тұрғынның көлігі бар деген сөз. 

Screenshot_1.jpg

Ағымдағы жылғы қаңтарда 1289 адам зардап шеккен 908 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 4,7 пайызға азайды.2)

2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарымен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 2,7 миллиард теңге сомасына 6884 сақтандыру төлем жүзеге асырылды.

Ал жалпы алғанда әлемде тұрғындардың көлікпен қамтылуы көрсеткіші жыл санап көбейіп келе жатыр. Мәселен 1998 жылы 1000 адамға шаққандағы көлік саны бойынша бірінші орынды АҚШ алған екен (1000 -775). Ал Бүкіләлемдік банктің  мәліметі бойынша 2008 жылы бірінші орынды Монако алған (1000- 863). Рейтингте АҚШ одан кейінгі орында тұр. 

Ал Біріккен Ұлттар ұйымының рейтингісі бойынша соңғы жылдары әлемде 100 адамға шаққанда көлік санының көптігі бойынша алғашқы бестікке АҚШ, Люксембург,  Малайзия, Австралия және Мальта кіреді. Қазақстан бұл тізімде төртінші ондықта жүр.  

Жандарбек Бекшиннің қызметінен кетуінің басты себебі айтылды
Коронавирус жұқтырған адам: «Әйелім мен балама қоштасу видеосын жазып қойдым»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу