«Теңізшевройл» шетелдік компаниясы коронавируспен күреске 1,3 миллиард теңге бөлді

Oinet.kz 27-03-2020 2090

Атырауда «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны коронавируспен күрес шараларына 1,3 млрд теңге бөлді. Бұл туралы компанияның Үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

11794-6-chto_dast_kazahstanu_s_ru.jpg

Оның айтуынша, Теңіз кен орнында медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған 300 орындық оқшаулау орны дайындалған. Қазір компания қызметкерлері дене қызуы өлшенгеннен кейін ғана жұмыс орнына жіберіледі. Ал, кеңсе қызметкерлерінің 70% қашықтан жұмыс істеу режиміне көшкен. Олардың жалақысы сақталады. 

- «Компанияның есебінен бөлінген 1,3 миллиард теңгеге медициналық құрылғылар мен жабдықтар сатып алынып, Атырау облысының денсаулық сақтау мекемелеріне беріледі. Қазірдің өзінде құрылғылардың бір бөлігі әкелінді. Қалғаны жақында жеткізіледі. Сондай-ақ, «Теңізшевройлдың» бастамасымен «Атырау-Астрахан» тас жолы бойындағы оқшаулау бекеті жабдықталды», - деді Рзабек Артығалиев.

Мысырдан келгендер карантиннен бас тартты
Димаш пен Тасмағамбетов коронавирус жұқтырған Лещенкомен бір кеште болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу