Атырауда коронавирус жұқтырды деген адамға көрпемен зат жеткізген - видео

Oinet.kz 03-04-2020 897

Әлеуметтік желіде коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болып, оқшауланған тұрғындардың видеосы тарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPpress.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Атырау қаласында болған. Желіде тараған видеода оқшауланған азаматтардың өзгелермен байланыста болғанын анық көре аламыз.

   

"Пакеттерді байлап жатыр. Үшінші қабаттан біреу шығып, қарап тұр. Олар қайдан келді? Бұрын мұнда ешкім болған жоқ. Затты алды. Қара, олардың бетінде бетперде бар. Ауруханаға жатқызған ба? Мама, қорқынышты...", - дейді видеоның авторы.

Портал ұжымы видеоны Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне жіберді. Олар оқиға Авангард шағын ауданындағы "Атырау колледж сервисі" мекемесінің жатақханасында болғанын растады.

"Бұл оқиға коронавирус жұқтырған адамдар және олармен байланыста болғандар анықталған бірінші күні болды. Яғни 30 наурыз карантин енгізілген күнге дейін. Қазіргі таңда коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болғандар тұратын жер бақылауға алынды", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 444-ке жетті. 27 науқас індеттен жазылды, 3 адам қайтыс болды.

Қазақстандықтарға 42 500 теңге тағайындалғаны туралы SMS келе бастады
Атыраулық дәрігерлер 27 наурыздан бері ауруханадан шықпаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу