Қазақстанда 28 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған
Қазақстанда 28 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

"Карантин нысандарындағы жағдайларда жұмыс істеген 28 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған. Әр жағдай бойынша эпидемиологиялық тергеу жүргізіледі, себебі анықталады", - деді Біртанов брифинг барысында.
Айта бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 453-ке жетті.


