Шымкентте үш жасар баланың ішінен 4 см шеге шықты

Oinet.kz 11-04-2020 1094

Шымкенттік дәрігерлер шеге жұтып қойған үш жасар баланы аман алып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

image.png

Белгілі болғандай бүлдіршіннің ата-анасы пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Перзентінің белгісіз қатты затты аузына салып, жұтып қойғанын көрген анасы бірден жедел жәрдем қызметін шақырған. 

Ақ халаттылар сәбиді қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізген. Дәрігерлер жедел жәрдем қызметі әкелген кезде баланың жағдайы ауыр еді деп отыр. 

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, мамандар уақыт өткізбей баланы бірден видеогастроскопия аппаратымен тексерген.  Осыдан кейін ауруханадағы білікті хирургтар Әкім Түлкібай мен Асанбай Құрманалиевтің жетекшілігімен бүлдіршінге жабық ота жасалған. 

Осылайша дәрігерлер асқазанда тұрып қалған 4 см шегені эндоскопиялық жолмен яғни сәбидің денесін тілмей-ақ алып шыққан. 

Ақ халаттылар дер кезінде балақайға көмек көрсетілмесе, соңы қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін еді дейді. 

Дәл қазіргі уақытта шеге жұтқан үш жасар баланың жағдайы жақсы. Анасымен бірге үйіне шығарылған. 

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай өткен жылы Шымкентте болған еді. Ол кезде төрт айлық нәресте шеге жұтып қойған болатын. Сонымен қатар ресейлік дәрігерлердің төрт жасар баланың асқазанынан 20 бірдей магнитті шарларды алып шыққанын жазған едік. 

Биыл ҰБТ қашан өтетіні белгілі болды
Мұқышев: «42 500 теңге алу үшін тағы өтінім берудің қажеті жоқ»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу