Назарбаев бірліктің символы

Oinet.kz 01-12-2018 1011

Қазақстан 1991 жылы  бүкіл әлемге «Тәуелсіз мемлекет» деген атпен қадам басты. Сол уақыттан бері 27 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие болды. Жас мемлекет осындай  аз  уақыттың  ішінде көптеген  ірі экономикалық, саяси және  әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Тәуелсіз Қазақстанның 27 жылдық тарихында елімізді  қиын-қыстау кезеңнен  шығаруға ұмтылған, биік асуларға жеткізген тұлға ол – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Screenshot_2.jpg

Тұңғыш Президент күні – бұл тек мереке емес, халқымыздың алға одан әрі жылжудың, рухани жаңарудың, тәуелсіздігімізді нығайту үшін бірлесе түсуге жасалған қадам. Бұл күннің шығу тарихына шолу жасар болсақ, 2011 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының отырысында «ҚР заңына «Қазақстан Республикасындағы мерекелер» туралы толықтыру енгізу заңы» қабылданды. Тұңғыш Президент күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ елі үшін жасаған еңбегін елеп-ескеру мақсатында бүкілхалықтық күнтізбеге енгізілді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті елдің бірлігін, Конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы екендігіне ешкім де дау тудырмасы анық. Осыған орай аталған заңның қабылдануы арқылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Республикаға сіңірген еңбегі бағаланған болатын. 

1991 жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық  сайлау өтіп Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Сол себепті Тұңғыш Президент күніне 1 желтоқсан таңдап алынды. Бұл Қазақстан халқының  жауапты  таңдауы еді. Осы мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін есінде сақтауына үлесін қосады. 

Расында, Елбасының саясатының арқасында Тәуелсіз Қазақ елі  қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері  қабылданды. Еліміз бүгінде бүкіл әлемге танымал дамушы мемлекетке айналды. 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының заңы 1991 жылғы 16 желтоқсанда  қабылданды. Осы заң негізінде еліміз өзінің Тәуелсіздігін жария етті. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа  Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі – көпұлтты Қазақстан халқының достастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған саясатының  нәтижесі. Елбасы береке-бірлігіміздің, татулығымыздың, тұрақтылығымыздың кепілі. 

Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ата-бабадан қалған елімізді бүгінде Н.Назарбаев 27 жылға жуық басқарған уақытта Қазақ елінің туы талай көкке көтеріліп, отанымыз әлем танымастай өзгерді. Елімізде аталып отырған бұл мерекенің тарихи маңызы орасан зор екені барлығымызға айдан анық. Елдің болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, ел қамқоры болған азаматтар аман болсын. 

Тұңғыш Президент күні баршамызға құтты болсын! Тәуелсіздіктің туы әрдайым биікте желбірей бергей!

М.ЖОЛДАСБЕКОВА,

Шымкент қалалық қан орталығының дәрігер-эпидемиологы 

Коронавирус: Елімізде жұқтырғандар саны 860-қа жуықтады
Қашықтан оқытудың алғашқы аптасы қорытындыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу