Мешіттерде, қоғамдық орындарда ауызашар беру уақытша тоқтатылады

Oinet.kz 14-04-2020 1090

Карантин күндері әркім өз шаңырағында отбасы мүшелерімен ауызашар өткізуі керек. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мешіттерде, қоғамдық орындарда ауызашар беру уақытша тоқтатылады

- «Жұқпалы індеттің таралуының алдын алу мақсатында мешіттерде, дәмханаларда, қоғамдық орындарда және басқа да мекемелерде жиналып, ауызашар беруді уақытша тоқтатуға шақырамыз. Сондықтан карантин күндері әркім өз шаңырағында отбасы мүшелерімен ауызашар өткізуге, көпшілік орындарда (дәмхана, мейрамхана) жиналмауға үндейміз», - деді Бас мүфти Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде. 

Осы орайда ол қазіргі жағдайға қарай, ораза ұстаған адамдарға ауызашар беруде тиісті қайырлы амалдарды жүзеге асыруға шақырды. Бұл тұрғыда мейрамханаларға тапсырыс беріп, ауызы берік адамдарға тамақ тарату, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік тарату арқылы ауыз аштыру, ауызашарға жұмсалатын шығындарды ораза ұстаған адамдарға қаржылай беру секілді амалдарды ұсынды. 

- «Қасиетті айда көбірек игі іс жасауға асығайық. Ата-анамыздың, үлкен кісілердің дұғасын алайық. Туыстарымыздан хабар алып, хал-жағдайын сұрайық. Мүмкіндікке қарай, мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, науқастың көңілін сұрайық», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

42500 теңге: Төлемнің тағайындалмау себептері
«Біз де өмір сүргіміз келеді»: COVID-19 жұқтырған алматылық дәрігерлер үндеу жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу