Белгілі тележүргізуші коронавирусты ең жақсы вирус деп атады

Oinet.kz 16-04-2020 799

Тележүргізуші, медицина ғылымдарының докторы Елена Малышева коронавирус қаншалықты қауіпті деген сұраққа жауап бере отырып, оны ең керемет вирустардың бірі деп атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.  

Ол мұндай пікірді Instagram парақшасындағы тікелей эфирде білдірді. 

- "Мен оны бұған дейін ең керемет вирустардың бірі деп ойладым және солай ойлай беремін", - деді жүргізуші. 

Оның айтуынша, коронавирус ауруынан қайтыс болғандардың орташа жасы 79 жарым жаста, ал балалар іс жүзінде оны жиі жұқтырмайды. 

-"Қайтыс болғандардың орташа жасы осындай болатын инфекцияны іздесең де таппайсың", - деді ол. 

Сонымен қатар, ол қарттар көз жұма беруі керек деп ойламайтынын және өзінің анасының жасы 86-да екенін алға тартты. Айтуынша, халыққа қауіп төну тұрғысынан, вакцинаның болуына қарамастан қызылша анағұрлым қауіпті екен. Себебі, балалар коронавирустан емес, қызылшадан жиі зардап шегеді. Малышеваның сөзінше, бұл үлкен бақыт. Естеріңізге сала кетейік, Елена Малышева туберкулезға қарсы вакцина (БЦЖ) COVID-19 індетінен сақтану үшін иммундық қорғануды жоғарылатады деген болжам жасағаны туралы хабарлаған едік. 

Ерке Есмаханның карантин кезінде ақ келін атанғаны рас па (фото)
Түркістанда кәмелеттік жасқа толмаған қызды миллион теңгеге сатпақ болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу