Карантин 8 маусымға дейін созылды

Oinet.kz 24-05-2020

Атырау қаласында карантин режимі 8 маусымға дейін ұзартылды. Атырау облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 10 мамырдағы қаулысына толықтырулар енгізілді.

photo_314171.jpeg

"Атырау қаласы аумағында спорадиялық жағдайларды тіркеуді және соңғы жеті күнде Атырау облысының тұрғындары арасында COVID-19-дың өсу деңгейін ескере отырып, қаулы етемін:

Атырау облысы аймағында шектеу шаралары және Атырау қаласы, Жылыой ауданы және Мақат аулындағы карантин режимін 2020 жылдың 8 маусымы сағат 07:00-ге дейін ұзартылсын. 2020 жылдың 25 мамыры сағат 07:00-ден бастап 8 маусым сағат 07:00-ге дейін Атырау қаласындағы карантин аймағын Атырау облысы жедел штабы белгілеген блокбекеттерден өту ережесін қамтитын аймақтан бөлек жерлерден өтуге тыйым салынады. 

Жергілікті тұрғындар тұрғылықты жерінен 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, маска тағып шығуына ғана рұқсат берілсін" делінген қаулыда.

Қазақстанда бір тәулікте 403 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус кезіндегі қауіпті дәрі-дәрмектер тізімі айтылды

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×