Жақын досы Бейсен Құранбекке деген сағынышын жантебірентерлік естеліктерімен жеткізді (видео)

Oinet.kz 25-05-2020 2134

Отандық белгілі журналист Серік Әбікенұлы о дүниелік болған досы Бейсен Құранбекке деген сағынышын әсерлі монолог арқылы жеткізді. Ол белгілі тележүргізушінің бойындағы асыл қасиеттері туралы айтып, оның өмірін қыршынынан қиған дерті қашан басталғанын мәлім етті деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Серік Әбікенұлының марқұм досына арнаған монологын Бейсен Құранбекпен бірге жұмыс істеген телепродюсер Әлия Құдайбергенова жариялады. Ол сағынышқа толы видеоны өзінің Instagram парақшасына жүктеп, ел назарына ұсынған. Халқына сыйлы болған журналист туралы әсерлі бейнежазба желідегілердің жүрегін елжіретті. 

- "Бейсеке, азаматтығы бір биік, адамдығы бір биік, адалдығы бір биік асқар жігіт едің ғой. Таудың көк тасындай мықты екенсің. Морт кеттің, үгілмедің. 2018 жылдың желтоқсанында көңілге алаң кірді. 2019-дың көктемінде көкжиекті бұлт торлады. Сол жылдың жазында найзағай ойнады. 2020-ның 18 мамырында көз жасынан жаңбыр жауды. Соңғы бір жылда бастан өткеннің бәрі қорқынышты түс сияқты. Тоғыз айлық толғаммен дүниеге келіп, тоғыз ай сынақпен келмеске кеттің. Бәріміз алақанмен қолқалап, жанталасып қорғаған үміттің әлсіз шырағы сөнді де қалды. Бірақ оның сәулесі талай жүректе қалып қойды. Бейсеке, шырағың сөнбесін", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Бейсен Құранбектің жеті жыл бұрын берген сұхбаты жарияланып, оның өміріне қатысты бірқатар тың мәліметтер белгілі болды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram


@serikabiken ұлының монологы.

Публикация от Әлия Құдайбергенова (@aliya.kudaibergenova)

42 500: Өтініштерді қайта қарау тәртібі бекітілді
БҰҰ Қазақстанның жемқорлыққа қарсы саясатына оң баға берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу