Сары Алмастың ағасы сотталды

Oinet.kz 28-05-2020

"Транстелекомның" басшысы Асқар Нәсенов 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Oinet.kz zakon.kz порталына сілтеме жасап.  Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-бөлімінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров арнайы брифингте айтты.

image.png

27 мамырда, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен "Транстелеком" АҚ президенті А.Насенов 4 жылға бас бостандығынан айырылды, - деді Биғайдаров.

Сондай-ақ, оның айтуынша, акционерлік қоғамның басшысы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің, 1-тармағы, яғни "Сеніп тапсырылған үлкен сомадағы бөтеннің мүлкін иемденіп, талан-таражға салу" бойынша кінәлі деп танылды, 3 жылға материалдық-жауапты лауазымды қызметпен айналысу құқығынан айырылған.

image.png

- Насенов бұған дейін "KT&T" ЖШС-мен заңсыз консорциумдық келісімге отырып, 2,1 млрд теңге көлемінде ақшалай төлем жасау арқылы мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке іліндген еді, - дейді тергеуші.

Болат Назарбаев өзіне қымбат адам жайлы айтып ағынан жарылды
Қазақстанда 100 қызға 107 ұлдан келеді

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×