Түрмеде отырған адамдар халықтан көмек сұрауда (видео)

Oinet.kz 04-06-2020 2332

Атырауда тергеу қапасында отырғандар наразылық білдірді. 

«Ұрып-соғу мен қарапайым тұрмыстық жағдайдың жасалмауына төзбедік» деген олар бүлік шығаруға талпынған. Мұны естіген олардың туыстары да бүгін түрменің алдына келіп айқайға басты.

image.png

Тергеу абақтысының ішінде соңғы екі тәулікте болып жатқан жағдай қамаудағылардың туыстарына фото, видеолар арқылы жеткен. Жақындарының жағдайына алаңдаған жұрт іштегілердің «не күйде екенін мүлде біле алмай отырмыз» дейді.   

"Күйеуімнің басы ісіп кеткен, арқасын, бетімен соғып тастаған, сұмдық қылып. Бүгін кісілерге хабарласып тұрамыз ғой, барасыңдар ма деп соғайын десем, мында көтеріліс болып жатыр дейді. Жетіп келдім, мына жақта 3 қабатта айғайлап жатыр, «көмектесіңдер, көмектесіңдер бізге» деп. Ақ футболкамен қызыл қанды былай шығарып, «көмектессін» деп айтып жатыр", - деді қапастағы тұтұынның туысы.

"Жағдайы жоқ, қайда бәрі?! Бір сотталғанға 900 мың теңге ақша бөлінеді жылына. Күніне 2 АЕК кетеді, бір сотталғанға, қайда ол?! Мен бостандықта 5 мың теңгеге күніне манты, қуырдақ жеймін", - дейді Атырау қаласының тұрғыны.

Ал құзырлы орган өкілдері: «Ешқандай жүгенсіздік, зорлық-зомбылыққа жол берілген жоқ» дейді. «Терезеден қол бұлғағандардың киімдері қызыл бояумен боялған» деп отыр. 

"Жоқ, ұрып-соққан ештеңесі жоқ. Қазір облыстық прокуратура қызметкерлері таңертеңнен бастап осында. Қазір бәрін МПМ Ұлттық тетіктің қызметкерлері аралап тексеріп жүр", - дейді Атырау облыстық ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Мұрат Құрмашев.

Алайда мынадай оқиғадан кейін «таяққа жығылдық» дегендердің түрін көрсетпейінше, түрменің алдын торуылдаған туыстары кетпейтінін жеткізді.     

Тергеу изоляторында 238 адам жатыр екен. Олардың бесеуі жаппай тәртіп бұзғаны үшін жауапқа тартылыпты. Ал оларды тергеу изоляторының алдына келіп тұрған туыстарымен кездестіре ме, кездестірмей ме, ол жағы әлі белгісіз. Жалпы бұл жағдай облыс прокурорының жіті қадағалауында болады дейді мамандар. 

Бүгін Нұржамал Үсенбаеваның туған күні
Президенттің қыздары туралы құпия мәліметтер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу