​Тұрғын үйден бірден бес адамның мәйіті табылды

Oinet.kz 10-06-2020 1003

Степногорск қаласының шетінде орналасқан саяжай үйі толығымен жанып кетті. Оның ішінен бес адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

11473748.jpg

Қайғылы оқиға түнгі сағат 01:00-дің шамасында болды. Жергілікті тұрғындар саяжай үйінен шығып жатқан өртті көріп, бірден өрт сөндіру қызметін шақырған. Сол кезде үйдің жанындағы қора да өртке оранған.

"Тілсіз жау 28 шаршы метрге тарап үлгерген. Оқиға орнында бес адамның мәйіті табылды. Олар – 1955 жылы туған әйел, 1976 жылғы ер адам, сондай-ақ, 2013 және 2015 жылғы балалар. Бұдан бөлек, тағы бір адамның мәйіті шықты. Оның кім екені анықталып жатыр. Өрт кезінде саяжай үйі мен шаруашылық құрылыс нысаны толығымен жанып кетті", - дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов.

Департамент бастығының айтуынша, саяжайда газ болмаған. Электр желісі де тартылмаған. Сондықтан қазіргі болжам бойынша өрт қауіпсіздік шараларын сақтамаудан шыққан. Жалпы тілсіз өртті толығымен ауыздықтауға екі сағат кеткен.

«Өз өмірім үшін қорқамын»: Халықтан көмек сұраған қыздың жан айқайы (фото, видео)
Оралдық белсенді прокуратура алдында өзін-өзі өртеп жіберді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу