​Тойға барған 12 адам мен қалыңдықтан коронавирус табылды

Oinet.kz 22-06-2020 2271

Ташкенттің Юнусабад ауданында әулет иесі екі баласына арнап төрт күнде екі той өткізген. Нәтижесінде оннан аса адамнан коронавирус анықталған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

Screenshot_2.jpg

Дүркіреп өткен салтанатты кеш нәтижесінде коронавирус инфекциясы 12 мейманда және қалыңдықтан табылған. Одан бөлек, вирус анықталғандармен байланыста болған және тойға қатысқан жүздеген адам COVID-19 инфекциясына тест тапсырып, үйге және стационарлық карантинге жатқызыл.анғ Аталған факті бойынша эпидемиологиялық тергеу жалғасып жатыр. Айта кетейік, осыған дейін Өзбекстанның оңтүстік- шығысындағы Сурхандарьин облысы Музрабад ауданы тұрғындары 250 адамға той өткізген болатын. Салтанатты кештен кейін барлық мейман карантинге жіберілген еді. Бұл - Музрабад ауданындағы той осы тектес жалғыз іс-шара емес. Облыста санитарлық нормаларды сақтамай, салтанатты рәсімдер мен той өткізетін халық көп. Оларға қатысқан азаматтар бүгінде карантинде жатыр деп хабарлаған еді облыс әкімшілігі. Одан бөлек, карантин ережелерін сақтамауына байланысты өңірлік ұйымдардың бірінде 300 азамат карантинге алыныпты. Ведомствода азаматтардың дене қызуын тексермеген және антисептик пен медициналық маскалар пайдаланбаған екен. 

Тағы бір шенеунік коронавирус жұқтырды
Саясаткер Дос Көшім шын мәнінде кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу