Әбдіғаппар Сманов ұстаздың неден қайтыс болғаны белгілі болды

Oinet.kz 02-07-2020 16223

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Сманов Әбдіғаппар Шәкірұлы 01.07.2020 жылы таңғы сағат 07-45-те қайтыс болды.

Диагнозы: Артериалды қан қысымы (200), гипертониялық кризис, қант диабеті, пневмония.

"Салма Караван" шипажайында ем алып жатқан. Лай қойдырып, аяғын күйдіріп алған. Ауруханаға ауыр халде түскен. Рентгенге түсіргенде пневмония анықталған. 

Screenshot_6.jpg

Өмірбаяны:

Сманов Әбдіғаппар 1970 жылы 22 ақпанда дүниеге келген.

Білімі: 

Жоғары

Еңбек жолы:

- 1994 жылдан бастап «Таяқты Ешан» мешітінде бас имам болып, «Таяқты Ешан» мешіті жанындағы « Убай ибн Кааб» медресесінде ұстаздық қызметін қатар алып жүрді .

2010 жылдан бастап «Сарыағаш медресесінің» директорының орынбасары.

2016 жылдан «Сарыағаш медресе колледжі» директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

2016 жылы желтоқсан айынан бастап «Сарыағаш медресе колледжінің» директоры лауазымын атқарып келді.

Бітірген оқу орны:

Бекабат қаласындағы «Маърифат» медресесі 1990-1994ж.ж., Академиялық инновациялық университет 2012 ж.

Диплом бойынша мамандығы: 

Ислам діні маманы. Ағылшын тілі және араб тілі мен әдебиеті.

2020-2021 жылдары 130 мың адам жұмыспен қамтылады
Жұмат Шанин театрының абыз атасы өмірден өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу