Ішкі істер министрі карантинге байланысты маңызды мәлімдеме жасады

Oinet.kz 04-07-2020

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев елімізде енгізілген шектеулерге байланысты қазақстандықтарға мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Oinet.kz  Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

image.png

"Құрметті отандастар! 

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты мемлекеттік комиссия 5 шілдеден бастап екі апталық ішінара шектеу енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл шектеулер арқылы жекелеген шағын және орта бизнес санаттарының қызметін тоқтату, қоғамдық көліктердің жұмысын және адамдар көп баратын жерлерде азаматтардың жиналуын шектеу, сондай-ақ бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салу қарастырылған. Мұның бәрі инфекцияның таралуына жол бермеу үшін жасалады. Кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер және қысқартылған кесте бойынша ХҚКО жұмыс істейтін болады. 

Біздің азаматтарымыз қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған санитарлық және алдын алу шараларын қатаң сақтайтынына сенімдімін. Осы кезеңде ішкі істер органдары қызмет өткерудің ерекше режиміне көшірілетін болады. Осыған байланысты, Ішкі істер министрлігі азаматтарды әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтау, көп адам шақырылған іс-шаралар өткізбеуге және өздерінің байланыстарын азайтуға шақырады. 

Полицейлер Денсаулық сақтау органдары мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерге коронавирустың таралу ошақтарын оқшаулау, шектеу шараларын қамтамасыз ету бағытында жан-жақты көмек көрсетуді жалғастырады. Сонымен қатар, тек қана ресми ақпарат көздеріне ғана сену маңызды. Көрінеу жалған мәліметтердің авторлары мен таратушылары анықталып, жауапкершілікке тартылатын болады. Енгізілетін шектеулердің тиімділігі әрқайсымыздың жеке жауапкершілігімізге байланысты. Тек бірлескен күш-жігер, шыдамдылық пен түсіністік көрсете отырып, қызмет атқарып жүрген медицина қызметкерлері мен полицейлерге қолдау көрсете аламыз. Біз бұл қатерге бірлесе қарсы тұрғанда ғана азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, денсаулықтарын сақтап қаламыз!", - деді министр мырза. 

Белгілі ғалым Рәбиға Сыздық өмірден өтті
«Жедел жәрдем қызметі халыққа тегін жүргізіле ме?» - министр жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×