Елбасы қоры қанша қазақстандыққа қаржылай көмек берді?

Oinet.kz 04-07-2020 3023

Елбасының бастамасымен 550 мың отбасы 50 мың теңгеден алды. Бұл туралы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

- Елбасының тапсырмасы бойынша #BizBirgemiz акциясының төртінші кезеңі атқарылды. Еліміздің ауылдық елді мекендеріндегі тағы 80 мыңнан астам мұқтаж отбасы 50 мың теңгеден алды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Birgemiz қорының біржолғы қаржылық қолдауымен 550 мыңнан астам отбасы қамтылды. Отбасы мүшелерін қоса есептегенде, бұл - 2 миллиондай қазақстандық, - деп жазды Instagram желісіндегі парақшасында. 

Сонымен бірге тұрмысы төмен 100 мың мұқтаж отбасыға 5 миллионнан аса тегін маска үлестірілді. 300 мыңдай отбасы азық-түлік себетін алды. Бұл іске 5 мыңнан аса волонтер атсалысқан.

image.png

- Нұротандықтар Түркістан облысының су басқан ауылдарының тұрғындарына мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті. Шілде айында Достық ауылының тасқыннан зардап шеккен тұрғындарына арналған үйлер салынып бітеді, - деді Байбек.

«Жедел жәрдем қызметі халыққа тегін жүргізіле ме?» - министр жауап берді
Белгілі кәсіпкер Министрді қатаң сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу