Инфекциялық аурухананың бас дәрігері пневмониядан көз жұмды

Oinet.kz 11-07-2020 2274

Ақтөбедегі жұқпалы ауруларға арналған аурухананың бас дәрігері Қалихан Қозбағаров пневмониядан көз жұмды.

image.png

"Диапазон" басылымының мәліметінше, бас дәрігер соңғы күндері өзі басқаратын ауруханада төсек тартып жатқан. Ол пневмонияға қарсы ем алған, Covid-19 індетіне тапсырған тест сынамасы теріс нәтиже көрсеткен. 

Марқұмның әріптесі Қалихан Қозбағаровтың 10 шілдеде түстен кейін қайтыс болғанын жеткізді. Медициналық мекеме ұжымы қайғылы хабарға әлі де сене алар емес, барлығы оны жазылып кетеді деп үміттенген. 

Әріптесінің айтуынша, оның жағдайы жақсарып келе жатқан. Қайтыс болар алдында тіпті, қымыз сұраған екен. Алайда, өкінішке орай, бас дәрігер 59 жасында өмірден озды. 

Oinet.kz редакциясы Қалихан Қозбағаровтың отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Айнұр Тұрсынбаева Тоқаевқа ащы шындық айтылған Үндеу жолдады
Бас санитар дәрігер әріптесінің қазасынан кейін қазақстандықтарға үндеу жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу