Әйеліне 12 көлік сыйлаған Жұмағұловтың орнына жаңа басшы тағайындалды

Oinet.kz 12-07-2020 1930

Болат Тұрғанұлы Төкежанов ҚР денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Болат Төкежановты қор ұжымына таныстырды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_7.png

"Болат Тұрғанұлы денсаулық сақтау жүйесінде тәжірибесі мол, саладағы ең маңызды реформаларды жүзеге асыруға тікелей қатысқан, барлық проблеманы іштен жақсы біледі. Бұл өте құнды тәжірибе, өйткені медициналық сақтандыру қорының  халыққа арналған медициналық көмекті стратегиялық сатып алушы ретінде және МӘМС пен ТМККК пакетінің қаржылық операторы  ретінде ерекше мәртебесі бар. Барлық процесті - сатып алу мен медициналық көмекті қаражыландыру ісін ашық  және жүйелі жүзеге асыру керек.  Қазір еліміздің денсаулық сақтау саласы қиын кезеңді бастан өткізіп отыр, бұл ретет коронавирусқа қарсы  күрес шараларының шығынын өтеуде  сақтандыру қорының рөлі өте маңызды", - деді министр А. Цой.

Мөлдір Әуелбекова жаңа мұсылман есіміне ие болды
«СК-Фармация» ЖШС жаңа басқарма төрағасы тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу