Қазақстандықтар Елжан Біртановты жауапқа тартуды өтінуде

Oinet.kz 13-07-2020 5349

Қазақстандықтар Елжан "Біртанов денсаулық сақтау министрі болған кезде не істеді?"деп шулауда. Біреулер оны коронавирусқа байланысты атқарылған жұмыстары үшін жазалауды талап етіп жатса, ендігі біреулер ол биліктің құрбанына айналды деп экс-министрдің сөзін жақтауда. 

Балалар омбудсмені Аружан Саин бәріне кінәлі жергілікті басқару органдары дейді. 


"Елжан Амантайұлы министрлікке келгелі бері біздің мәселелер қозғала басталды. Менің ойымша, оны қол астындағылар құртты. Дәрі сатып алу, бөлінген қаражат барлығы да жоғарыда отырғандардың қолында екенін бәрі біледі.

Меніңше, бәрін бүлдірген аймақтардағы шенеуніктер. Себебі біздің елімізде әкімдердің орынбасары, ауруханалардың жетекшілері мен басқарма басшылары - жоғарыдағылардың өз адамдары. Министр бұл жағдайда не істей алады? Ақша әкімдіктің ыңғайына қарай жұмсалады. Бұл біраз жылдардан бері келе жатқан былықтар. Аурухана салуға, қызметкерлерді тартуға және аппаратарды сатып алуға бөлінген ақшаны сол кезде-ақ жеп қойған", - деп жазыпты Саин. 

Блогер Әлішер Елікбаев Біртановтың кеткеніне қынжылатынын айтады. Десек те ол Біртановпен ешқандай "қаржылай байланыста" болмағанын, министрліктің тендерлеріне қатыспағанын алға тартты.

"Елжан Біртанов - менің сүйікті министрлерімнің бірі. Ол - өте ашық, адамгершілігі мол, өз ісінің маманы", - дейді Елікбаев. 

Актер әрі режиссер Нұртас Адамбай бар жағдайға Біртановты кінәлай салуға болмайды дейді. 

"Былай қарап тұрсаң, оны бар қателіктерге кінәлі етіп, халыққа жаман көрсетіп жатқан секілді ой туындайды. Біз коронавирусқа қарсы шаралар қалай атқарылғаны жайлы бар шындықты білмейміз ғой. Бірақ Елжан Біртанов өзінен де жоғары отырғандардың келісімін алмай, ешқандай шешім қабылдамайтыны айтпасақ та белгілі", - дейді Адамбай. 

Ең қызығы, көптеген әлеуметтік желі пайдаланушылары бұл жазбаларды Біртанов тапсырыспен жаздыртып жатыр деп экс-министрді тағы кінәлай жөнелді. 

"Біртанов тіпті бұл жағдайдың өзінде PR-мен айналысуда. Елжан мырза, егер кешірім сұрай алмасаңыз, ең болмаса, үндемей-ақ қойыңызшы", - деп жазыпты қоғам қайраткері Мұрат Әбенов. 

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі жарнамалық роликтерге 600 миллион теңге аударғаны белгілі болған еді. 

Шығындар туралы кейбір мақалалар: 

SUCCESS K LLP Медиалық ұйымдастыру және жобаның PR қолдауы - KZT 696,699,940.00

FIYRMA 800, Киев, Украина - Әлеуметтік желілердегі коммуникациялық науқандары - USD 209,800.00

Караван газеті - KZT 7,350,000.00

Tengrinews.kz - KZT 17,709,600.00

1Kanal Eurasia - KZT 83,305,494.84

Talk show - KZT 49,800,000.00

Депутат Ирина Смирнованың айтуынша, мұндай шығындар - қылмыстық заң бұзушылық. 

"Бұрынғы министрдің жақтастары, беттерін бүлк етпей беделдерін көтеру мақсатында бөлген ақшанын қанша екенін қарап алыңыздар. Бұл қаражатты дәрі сатып алуға, құрылғылар сатып алуға, шетелдегі бауырларымызды емдеуге жұмсауға болатын еді. Әлдері таусылған дәрігерлерге аударса дұрыс еді. Мұндай масқара жағдай жол берген басшылар жауап берулері қажет", - дейді депутат. 

"Телевизиядағы бейнероликтер мен газеттегі мақалалардың орнына 600 миллион теңгеге оттегі баллондарын алуға болатын еді", - дейді қоғам белсендісі Бақыт Сыздықова. 

Журналист Мира Құдабаева қайтыс болды
Мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу