Несиесін төлей алмаған БҚО тұрғыны өзін-өзі өлтіріп, хат жазып кеткен

Oinet.kz 15-07-2020 11067

Марқұмның денесі 11 шілде түстен кейін Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауылдық округіндегі жазғы үйден табылды. Бұған дейін ол қарызын қайтара алмағаны үшін өзін-өзі атып тастаған.

РУЖЬЕ "БЕЛКА": ПРОМЫСЛОВАЯ КОМБИНАШКА | КАЛИБР | Яндекс Дзен

"Мой город" порталының мәліметінше, оқ аңшылық мылтықтан дәл жүрек тұсына атылған. 

Дененің жанынан өлер алдында жазылған жазба табылды. Онда ер адам өзінің өліміне ешкімді кінәламайтынын айтқан. 

Сондай-ақ, ол бұл қадамға несие бойынша міндеттемелерін төлей алмағаны үшін барғаны жазылды. 

Облыстық полиция департаменті басылымға бұл іс "суицидке әкелу" бабы бойынша қаралып жатқандығы туралы хабарланды. 

42 жастағы ер адамның мүрдесі Чапаев ауылына жақын жерде орналасқан үйінен табылған. 

Марқұмның хаты сол орыннан тәркіленді. Оқиғаның барлық мән-жайы нақтылануда. 

Қайрат Нұртас: «Тойды көп көрдіңдер, не болды? Күнде өлім болып жатыр»
Пневмониядан қайтыс болған медбикеның қызы жантебірентерлік жазба қалдырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу