Министрлік халыққа «үлкен» өтініш жасады

Oinet.kz 17-07-2020 2173

Студентке студент болғаны үшін 42500 теңге берілмейді, тек жұмыс істеп жүріп, бірақ карантинге байланысты жұмысы тоқтаса ғана жәрдемақы алуға құқылы. Бала күтімімен демалысқа шыққан әйелдерде де осындай жағдай, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ktk.kz-ке сілтеме беріп.

Біржан Нұрымбетов әлеуметтік көмектің қай кезде тоқтатылатынын ...

17-шілдеден бастап 42500 теңге әлеуметтік жәмдемақы алуға өтініштер қабылдана бастайды. Алайда министрліктің бір өтініші бар. Бір адамның атынан бірнеше рет немесе әр сайттан жеке-жеке өтініш бергенді қою керек. Өйткені ол айтарлықтай ауырлық түсіреді екен. Шілде айына берілетін әлеуметтік жәрдемақыға қатысты жаңа мәліметтер:
Зейнетақы, мелекеттік жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек және сақтандыру қорынан тиісті төлем алып жүрген азаматтарға 42 500 теңге қарастырылмаған. Олар тек жұмыс істеп жүрсе ғана үміттене алады. Яғни, карантин кесірінен жұмысы тоқтаса, жұмыс берушісі олар үшін өтініш береді. Ал студенттерге берілмейтіні, олар заң бойынша экономикалық белсенді халық санатына жатпайды. Бірақ жұмыс істеп жүрген болса, онда жәрдемақы алуға құқығы бар. 

Бала күтімі бойынша демалысқа шыққан әйелдерге де 42500 теңге берілмейді. Себебі, мемлекеттен онсыз да бала бір жасқа толғанша жәрдемақы алып жүреді. Баласы бір жасқа толғаннан кейін де жағдайы бөлек қаралады. Яғни, егер жұмысқа шықса немесе жеке кәсіпкерлікпен айналысқан болса, онысы карантин кесірінен тоқтап қалса, онда жәрдемақы алатын мүмкіндігі бар. Ал жұмысшыларын ақысыз демалысқа жіберген жұмыс берушілер тек сол жұмысшылары үшін ғана өтініш бере алады. 

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі: 

- Егер де қашықтықтан жұмыс істеп жатса, жалақысын төлеп немесе толық емес режимде жұмыс істеп жүрсе, жалақысын алып, я болмаса, еңбек заңдылығы бойынша мәжбүрлі тоқтатып, соған жалақысын төлеп жатсаңыз, ондай азаматтарды сіз бұл өтінішке қоса алмайсыз.  Жұмысынан айрылған, өз бетінше табыс тауып жүрген немесе жеке кәсіпкер болсын, қай-қайсында да жұмысы карантин кесірінен тоқтаған болуы тиіс. Оны жергілікті штаб пен салық органдары нақтылап бекітеді. 

Тек министр Нұрымбетовтің бір ғана өтініші бар. 

Бір адам өз атынан қайта-қайта өтініш тастауын доғару керек. Себебі, ол өтініш қабылдайтын мамандарға айтарлықтай ауыр жүк екен. Өткен жолғы екі ай төленген кезде 8 миллион азаматтан 18 миллион өтініш түсіпті. Сондықтан бұл жолы бір сайттан бірнеше рет немесе әр сайттан, телеграмм-боттан бір-бірлеп өтініш жібермеуін сұрап отыр. Ал телефонына смс-хабарлама алғандар өтініш жібермесе де болады. 

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

- Смс алған кісілер бүгін егер сіздер сол жерге «иә» деп «1» басқан болсаңыз, ертең жұма күні порталдарға, телеграмға өтінішті берудің қажеті жоқ. Сіз ертең өзіңіздің статусыңызды көрсеңіз, сіз үшін өтініш қабылданды деп тұрады. Баршаңызға осындай өтініш. Смс-хабарлама арқылы жәрдемақыны әрі қарай да ала беруге келісім берілген соң, оны қайта тексеріп жатудың қажеті жоқ. 

Айта кетейік, шілде айына бір рет берілетін 42500 теңге жәрдемақыны жалдамалы жұмысшылар, өз-өзін жұмыспен қамтушылар және тіршілігі тұралаған жеке кәсіпкерлер алады. Өткен жолы елде төтенше жағдай жариялануына байланысты 4 миллион 608 мың адамға жалпы көлемі 322 миллиард теңге әлеуметтік жәрдемақы төленген еді. Бұл жолы министр «ешкім қалыс қалмайды» деп сендіріп отыр. Өйткені порталдарда өтініш қабылдау мерзімі сонау қыркүйек айына дейін ашық болады.

Кімдер өтініш жібермей-ақ 42500 алады: Министр жауабы
«Ханның қызысың ба?» - Әбдіқалықованың ашулы тұрғындарға жауабы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу