Көбейтұз көліне көлігімен кіріп кеткен жүргізуші кешірім сұрады

Oinet.kz 23-07-2020 994

Көбейтұз көліне жол талғамайтын Toyota Land Cruiser көлігімен кіріп кеткен азамат кешірім сұрады. Бұл туралы Oinet.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеп хабарлайды. 

Screenshot_1.jpgВидеоүндеу полиция учаскесінде түсірілген. Тәртіп бұзған азамат  Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға іссапармен кетіп бара жатқан. Жол-жөнекей  қызғылт көлге соға кетуді ойлаған екен.

"Әрине, мен дұрыс әрекет жасамадым. Көлге көлігіммен кіріп кеткенім үшін кешірім сұраймын. Жаяу жүріп те бара алатын едім, бірақ солай болды. Әлеуметтік желілерде тез таралып, талқылау түскені үшін кешірім сұраймын. Шын сөзім, 40 жасқа келгенде мұндай қылық көрсетем деп өзім де ойламадым" - деп өз ісін түсіндірді жүргізуші.

«Тікұшақтан улы зат шашу сияқты ойсыз әңгімелерге сену- қоғамдық сананың мәселелері»
Екі еркекке тоқал болып байыған келіншек құпиясымен бөлісті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу