​Сәтбаевта зардап шеккен бүлдіршіннің туысы Тоқаевқа үндеу жолдады

Oinet.kz 24-07-2020 8865

Кеше түнде Сәтпаев қаласында жоғалып кетіп, кейіннен басқа біреудің пәтерінен табылған 5 жасар бүлдіршіннің туыстары ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Oinet.kz сайты.

news_full1595582620140af63b4315a17a295466a79d16d5e8.jpg

Қазір бүлдіршінге қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық жасалды ма, жоқ па анықталып жатыр.

"Құрметті, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізден педофилдерге өлім жазасын беруді талап етемін. Осындай заң қабылдансын" - деді зәбір көрген кішкентай қыздың туысы Динара.

Оның айтуынша, бүлдіршіннің жағдайы жақсы, ата-анасының жанында.

"Ешқандай өлім болған жоқ. Бірақ мына педофилдерді өлтіру керек. Оның қасында шешесі болған, оны не істейміз, оңбаған, бұл қасиетсіздің шешесі бір жанында. Өлтірсін, екеуін де жазаға тартсын", - деп талап етті Динара7

Айта кетейік, Сәтбаев тұрғындары бес жасар қызды ұрлап әкеткен күдіктіні өздері жазалмақшы болған. Аймақта жаппай тәртіпсіздіктер орнап, наразы жұрт бірнеше көлікті өртеп жіберген. Бұл жағдайға байланысты ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пікір білдірді. 

Зейнетақы жинағынан ақша алуға рұқсат етілді
Сәтпаев қаласының әкімі өз еркімен отставкаға кетпек болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу