«2020-шы жылға дейін жұмыс істеймін» - Нұрсұлтан Назарбаев

Oinet.kz 22-11-2019 1303

Осыдан үш жыл бұрын дәл осы қараша айында сол тұстағы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg-ке сұхбат берген болатын. Өз сұхбатында келесі президенттің кім болатыны туралы сұраққа ашық жауап берген Назарбаев өз балалары тақ мұрагері болмайтынын айтқан еді.

image.png

Президент Қазақстан билігінің конституцияға сай ауысатынын, барлық процестің тек заң шеңберінде жүзеге асатынын жеткізген.

Елбасы сондай-ақ Қазақстан президенті болып сайланған адамның 5 жылдан 2 мәрте сайлана алатынын ескертіп, өз жоспарларын жүзеге асыруға барлық қажыр-қайратын жұмсайтынын жеткізген.

«Мен 2020 жылға дейін жұмыс істеймін, 2020 жылы жүздесейік», – деген еді Елбасы Bloomberg тілшілеріне.

Биылғы жылдың наурызында Назарбаев президенттіктен кететінін айтып, билікті Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. Маусым айында өткен Президент сайлауында Тоқаев 70 пайыздан астам дауыс жинап жеңіске жетті. 

Сайлаудан кейінгі сөзінде ол: “Қазақстанды әділетті елге айналдыратынын" - айтты.

дереккөз: dalanews.kz

Мәжіліс депутаттары аймақтарды аралап кетті
«Ерте жатсам да, ұйқы жоқ» - Нұрсұлтан Назарбаев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу