Табиғатқа зиян келтірген кәсіпорында тергеу жұмыстары жүргізіледі

Oinet.kz 06-08-2020 645

Screenshot_3.jpg

2020 жылдың 4 тамызы күні Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Түркістан облысына жасаған сапары барысында министрлік пен комитетке экология департаментінің әрекеттерімен келіспей бірнеше рет шағымданған «Тұмар – XXI» ЖШС басшыларымен және «Әділет Рухани жаңғыру» газетінің журналистерімен кездесті.

Түркістан облысы бойынша экология департаменті былтырғы жылы «Тұмар – XXI» ЖШС-нің жұмысын тексеру барысында құм-қиыршықтас қоспасын заңсыз өндіргенін және Боралдай өзенінен кең танылған минералдарды заңсыз пайдаланғанын анықтаған. Серіктестік осы әрекетіне байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі таңда аталған мекеменің жұмысы сот шешімімен тоқтатылған.

Комитет пен департаментке «Әділет Рухани жаңғыру» газеті бірнеше рет орын алған жағдайға байланысты түсінік беру жөнінде хат жолданған. Осыған байланысты З.Жолдасов журналистермен және кәсіпорын өкілдерімен кездесті. Сондай-ақ, кен орнының қазіргі ахуалымен және оның қоршаған ортаға тигізетін әсерімен танысты. Алдағы уақытта осы мәселеге байланысты тергеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Аймағамбетов білім саласында қандай өзгерістер болатынын жариялады
«Cәбилердің анасымен бірге өртеніп өлгенін күте ме?» - Сәуле Әбілдаханқызы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу