Қазақстанда халық санағы 2021 жылға шегерілді

Oinet.kz 08-08-2020 643

Қазақстанда биыл өтуі керек болған халық санағы 2021 жылдың қазанына шегерілді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

news_full15968191645860ceda221e4fbdca361482d3381db0.jpg

Бұл туралы ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

"Еліміздегі жағдайға байланысты коронавирус инфекциясының таралып кетпеуі үшін және енгізілген шектеу шараларына сәйкес, халық санағы 2021 жылдың қазан айына шегерілді", - делінген ресми хабарламада. 

Министрліктің мәліметінше, халық санағы жүргізілгенде қолданылатын әдістер өзгеріссіз қалыпты. Яғни sanaq.gov.kz сайтында 1-15 қазан аралығында интернет-сауалнама ұйымдастырылса, мұынмен қатар 1-30 қазанда халық арасында арнайы мамандар жауапты планшетке тіркеу арқылы жаппай сауалнама жүргізеді. 

Айта кетейік, бұған дейін ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халық санағын келесі жылға қалдыруды ұсынған еді. 

Үндістандағы ұшақ апатынан көз жұмғандар саны белгілі болды
Түркия Қазақстанмен әуе қатынасын тоқтатты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу