Азат Перуашов Асхат Аймағамбетовке ащы шындық жазылған хат жолдады

Oinet.kz 11-08-2020

Еліміздегі Демократиялық "Ақжол" партиясының жетекшісі Азат Перуашов Білім министріне ашық хат жолдады, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы Азат Перуашов Telegram каналында жазды. 

image.png

Партия жетекшісі өз сөзінде балаларды қашықтықтан оқыту дұрыс шешім екендігін тілге тиек етіп, оны қолдайтындығын жеткізді.

- Бір айдан соң жаңа оқу жылы басталады. Өзіңіз білетіндей, COVID-19 пандемиялық дертімен күрестің жалғасуына байланысты, өткен оқу жылының екінші жартысы мен жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтан оқытуға шешім қабылданды. «Ақ жол» Демократиялық партиясы бұл шешімді қолдайды және балалар денсаулығын ешқандай қауіпке тігуге болмайтынын атап көрсетеді, - деді Азат Перуашов. 

Сонымен қатар, білім саласындағы кемшін тұстарды сөз етті. 

- Сонымен бірге Білім және ғылым министрлігіне білім саласындағы ақпараттандырудың нашарлығы, көптеген мектептерде тұрақты интернет жүйесінің жоқтығы, білім жобаларын цифрландыруды іске асырудағы сәтсіздіктер туралы бірнеше сауал жолдағанымызды есіңізге саламын. Ақпараттандыру саласында орын алған кемшіліктер, әсіресе коронавирус індетіне байланысты (осы жылдың наурыз-мамыр айлары) енгізілген Төтенше жағдай кезінде ауыр тиді. Қашықтан оқытуға көшкен кезде бүкіл ел бойынша мыңдаған бала оқудан тыс қалды. Сол кезде біз, мыңдаған ауыл мен елді-мекеннің интернет желісіне қосылмағанын, мектептердің техникалық жабдықталуының нашарлығын және ата-аналар мен мұғалімдердің интернет іздеп шатырға, ағаш басына өрмелейтінін, ал шенеуніктердің берген жауаптары жалған екендігін айтқанбыз. Аталған кемшіліктер карантин кезінде түзетілді дегенге де күмәніміз бар, - деді Ақжол партиясының жетекшісі.

- Ата-аналар мұғалімдердің сыныптағы баламен емес, смартфоны жоқ баламен күні-түні шұғылданатынына ризашылықтарын білдірді. Бірақ олар министрлікке риза емес. Өйткені жұмысы жоқ болса да, жәрдемақы берілмесе де, үлкен пайызына қарамастан бала оқыту үшін несиеге смартфондар сатып алуға мәжбүр болған. Бұл ауылдарда, әйтеуір, сымсыз интернет бар. Ал көптеген басқа елді-мекенде интернет мүлдем жоқ. Министрлік интернетке қосылмаған елді мекендерде бірінші тоқсан сабақтарын бұрынғыдай өткізуге рұқсат етті, министрлік балалардың індетті жұқтырмауын өз жауапкершілігіне ала ма? Бұл шешім білім саласындағы ақпараттандыру сәтсіздіктерін жасыру емес пе? Мемлекет білім саласын дамытуға барлық жағдай жасауда, министрліктің сұранысы бойынша қомақты қаржы бөлді, елдің сыртқы берешегін өсіріп, шет елдерден қарыз да алды. Осының бәрі балалардың заманауи білім алуы, қандай жағдай болмасын оқыту үрдісін толыққанды жүргізу үшін жасалды. Ақиқатын айтсақ, мектепте тегін білім алуға ел Конституциясы кепілдік береді. Көріп тұрғанымыздай, білім жүйесі мұндай ауыр стресс-сынақты көтере алмады. Олай болса мемлекет бөлген қаражат қайда кетті, бюджет саласы мен салық төлеушілер не үшін төлем жасап отыр? - деді Азат Перуашов.

Түркістан облысында «Егістіктен сөреге дейін» пилоттық жобасы жүзеге асырылады
Карантин талаптары сақталуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×