Президент Тоқаев маңызды кеңес өткізді
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Oinet.kz.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім еткендей, шараға орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен облыс әкімдері қатысты.
- «Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің басшылары, Шымкент және Жамбыл облыстарының әкімдері есеп берді», - деп жазды Берік Уәли Facebook-парақшасында.


