ҚРКФ 26 съезі – бірлік пен тұрақтылық

Oinet.kz 27-08-2020 720

0d47e283-8638-4fbf-8ae5-0dc88983b726.jpg

«Береке бастауы – бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп келеді. «Бірлік түбі – береке», «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген ұлағатты сөздердің астарында ауыз бірлік пен татулық, ел тыныштығы негізделген. Бірлік пен тұрақтылық – ең басты байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек етуіміз қажет. Кәсіподақтардың басты мұраты, негізгі мақсат-мүддесі бұл – еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты сақтау, жалпы жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы алтын көпір ретінде өз функциясын орындау болып табылады. ҚР Кәсіподақтар федерациясы 2 миллионнан астам жанды біріктіріп отырған еліміздегі аса ірі қоғамдық ұйым. Кәсіподақ еңбекші адамның жүрегі, азаматтардың құқықтарын қорғау барысында өз жұмысын бір сәт те тоқтатқан емес. Себебі біз үшін ең ұлық мәртебе - ол еңбек адамының бізге артқан сенімі. Керек десеңіз, ел сенімін ақтау үшін бізде өте жақсы команда бар. Кәсіподақтар ұйымына түскен бірде-бір арыз қараусыз қалмайды. Қызметкерлеріміз толғандырған мәселелерді шешу бағытында жұмыс істейді. Біз ең алдымен, Серіктестіктегі еңбек заңдылықтары мен қауіпсіздіктің сақталуын, өзекті мәселелердің оң бағытта шешілуін қамтамасыз етумен қатар басқа да еңбекке қатысты түйткілді жағдайларды басты назарда ұстаймыз. Еліміз еркіндік алып, іргесі бекігелі қарапайым еңбек адамының кәсіподаққа сенімі арта түсуде. Сенім бар жерде құлшыныс бар. Әрине, жұмыстың оңайы жоқ. Дегенмен, қандай да бір қиындық туындаған жағдайда біз еңбек адамымен біргеміз. Ол үшін барлық мүмкіндік қарастырылған. Алдымен, еңбек адамының құқығын қорғау алдында жұмыс берушілермен келіссөз жүргіземіз. Шынын айтқанда, қоғамда әлі өз орнын таба алмай еңбек етуге құлқы болмай жүргендер бар. Уақыт бір орында тұрмайды. "Елу жылда ел жаңа" дегендей, қоғам да, мемлекет те даму үстінде болады. Біз де өз тарапымыздан осылайша мемлекетіміздің өркендеуіне атсалысып келеміз. Еңбек адамының қолымен ғажап дүниелер жасалып жатады. "Дүние - үлкен көл, заман - соққан жел" деген Абайдың сөзі бар. Бұл дүниеде қолымыздан келген жақсылықты аянбай тер төге алсақ, одан асқан бақыт бар ма?

«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов

Тұрғын мәдениет министрінен «казах» сөзін «казак» сөзіне ауыстыруды сұрады
Үкаша ата кесенесінде құдық пайда болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу