Тұрғын мәдениет министрінен «казах» сөзін «казак» сөзіне ауыстыруды сұрады

Oinet.kz 27-08-2020 705

Ел тұрғыны Мәдениет министрінен "казах" сөзін "казак" сөзіне ауыстыруды сұраған. Бұл туралы Oinet.kz порталы "Ашық диалог" электрондық үкімет порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

image.png

Порталда өтініш қалдырған тұрғын 1936 жылғы ҚазАССР ОСК қаулысының күшін жойып, 84 жыл бұрын "казак" сөзін "казах" сөзіне ауыстыру туралы қабылданған шешімді жоққа шығару қажет деп санайды. Этнос атауын өзгерту елдің атауын да "Казахстан" сөзінен "Казакстан" сөзіне ауыстыруды көздейді. 

- "Грамматикалық тұрғыдан qazaq сөзін орыс тілінде "казак" деп жазған дұрыс. Басқалай болуы мүмкін емес", - дейді ұсыныс авторы. 

Бұл ұсынысқа мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жауап берді. Оның айтуынша, қаулы тарихи құжат болғасын, оның күшін жоюдың еш қажеттілігі жоқ. Райымқұлова мемлекет атауын тек ел конституциясына сәйкесінше өзгерістер енгізу арқылы ғана ауыстыруға болады. Алайда қазақ тілі латын қарпіне өтетіндіктен, бұл мәселе өздігінен шешімін табады деп санайды министрлік басшысы. 

- "Себебі, "Qazaqstan", "qazaq" сөздерінің жазылуын өзге тілге аударғанда қазақ тілінде жазылу ережесі ескерілетін болады", - деп жауап берді министр. 

Елордада коронавируспен күрескен дәрігерлердің суреттері қойылды (фото)
ҚРКФ 26 съезі – бірлік пен тұрақтылық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу