АҚШ Қытай тауарларына тыйым салды

Oinet.kz 17-09-2020

АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Қытайдың бес компаниясының мақта-мата, киім-кешек, шашқа арналған заттар мен компьютер құрылғыларын импорттауына тыйым салды. Вашингтон Қытай билігі бес компания Шыңжаңдағы мұсылмандарды заңсыз жұмысқа жегу арқылы тауар өндіріп отыр дейді. Бұған қоса, 20-ға жуық құқық қорғау ұйымы БҰҰ-ны Шыңжаңдағы қысымға қатысты тергеу жүргізуге шақырды.

АҚШ - Қытай сауда соғысы қайта өршіді - Қазақстан және әлемдегі соңғы  жаңалықтар

БҰҰ-ның есебінше, Қытай Шыңжаң өлкесінде саяси лагерьлер ашып, онда бір миллионнан астам ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылмандарды қамауда ұстаған. Батыстағы зерттеу орталықтары мен адам құқығын қорғау ұйымдары Қытайдың Шыңжаңдағы мұсылмандарды еркінен тыс жұмысқа жеккені туралы да мәлімдеген. АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігі хатшысының орынбасарының міндетін атқарушы Кеннет Куччинелли Вашингтонның бұл тыйымын "Шыңжаңдағы мұсылмандардың еңбегін қанаумен күрес" деп сипаттады. "Адам құқығын бұлай бұзған әрекетке осындай лайықты жауап керек. Бұл – қазіргі замандағы құлдық" деді Куччинелли халықаралық агенттіктердің тілшілеріне. Ол журналистерге Ақ үй Шыңжаңдағы басқа да тауарлардың импортына тыйым салу жағын әлі де зерттейтінін жеткізді.

Ал Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ван Вэньбинь Пекинде өткен брифингте АҚШ бұл тыйым арқылы "халықаралық сауда ережесін және әлемдік тауар өндірісін бұзды" деп мәлімдеді. "Еркінен тыс жұмысқа жегу деп жүргендері кейбір ұйымдар мен АҚШ және Батыстағы адамдардың ойлап тапқаны". деді ол. 

Қытай билігі Шыңжаңдағы әрекеттерін "терроризммен күрес" деп, ал лагерьлерді "қайта білім алу орталықтары" деп сипаттайды және елдегі мұсылмандардың мәселесін елдің ішкі саясаты деп санайды. Пекин АҚШ-ты және Батыс елдерін Шыңжаңдағы мәселені асыра сілтеп көрсетеді дейді. Бірақ Қытай БҰҰ мен Батыс елдерінің өкілдерін Шыңжаңға кіргізбей отыр.

Өзбекстанда мектептер ашылды
Қазақстанда 2024 жылы ақылы болатын жолдардың тізімі жарияланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×