Ашық сабақ. Өзін өзі тану. Табиғат – шабыттың қайнар көзі

Oinet.kz 05-10-2019 1042

Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық селосы

Жұмабай Мырзағалиев орта мектебі

    Мұғалім: Батырғали Айгүл Құрманғалиқызы

    Сынып: 5  Тақырып: Табиғат – шабыттың қайнар көзі

    Құндылық:  сүйіспеншілік      Қасиеттер: сезімталдық, қамқорлық, үйлесімділік

Сабақ мақсаты: Оқушыларға табиғаттың адамды шабыттандырудағы маңызын түсіндіру   арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері: Оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі шабыттың қайнар көзі екендігіне   сезімталдық қасиеті арқылы түсінік беру.

-Оқушылардың табиғаттың әсемдігін сезінуге баулу арқылы қамқорлық   қасиеттерін дамыту.

-Оқушыларды табиғатты сүюге, үйлесімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар (материалдар, дереккөздер)

 

Сабақтың барысы

 

1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен амандасу, олардың сабаққа қатысын және   оқу құралдарын тексеру.

ә) 5 Т-ны еске түсіру. (тәртіп, талап, тыныштық,   тазалық, татулық)

Тыныштық сәті. «Шапалақ қызуы» тренингі

 

-Оқушылар бүгінгі сабағымызда жақсы көңіл-күймен  бастайық. Бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді   дамытайық.

(қима қағаздардағы сандар арқылы 4   топқа бөлу.)

2. Үй тапсырмасын тексеру    Өзін-өзі тану 110-бет

«Сыныптаспен сұхбат» әдісі арқылы тексеріледі.

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан   алынған үзіндіні оқып келу

-Табиғаттың қандай көріністері Абайдың   көңілінен шықты?

-Табиғатқа тамсану адамды не нәрсеге   шабыттандырады?

-Табиғаттың қандай әсем құбылыстарын адамның   мінезіне теңеуге болады?

-Өзің табиғаттың ғажап көріністеріне куә   болған кезде қандай сезімге бөленесің?

-Табиғатқа сүйіспеншілігіңді  қалай көрсетіп жүрсің?

       Табиғаттың әдемі, сұлу көрінісі адамды шабыттандырады, қанаттандырады.   Көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Табиғаттың сұлулығын жырлап ән жазбаған ақындар   кемде кем болар. Солардың бірі де бірегейі –Абай . Абайдың табиғат    лирикасы өз алдына бір сала.

Ескерту

 

 

 

 

 

 

Әр топтан бір жұптан шығып   бір-біріне сұрақ қояды

       3. Дәйексөз «Таза болса табиғат,   аман болар адамзат.»   Ф.Оңғарсынова

ü  Хормен оқыту.   Ұл балаларға және қыз балаларға бөлек оқыту.

ü  Жұмыс   дәптерге жаздыру.

ü  Осы   дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

ü  Оқушылардың   жауаптары негізінде дәйексөздің мағынасын толық ашып, қорытындылау.

-Табиғат   тазалығын сақтауда адамның рөлі қандай?

-Табиғат  тірі жан сияқты, өзіне зәбір көрсеткенде   қиналуы мүмкін бе?

      Қоршаған орта неғұрлым таза болса,   адамның денсаулығы мықты, көңіл күйі көтеріңкі болады екен.

 


4. Әңгімелеу      Мұғалім сыйы      Гүлімайдың гүлі        Жеткерген Әбдірейұлы

 

         Апайының тапсырмасына Гүлімай шұғыл   кірісті. Оқу жылының басында өткізген тәрбие сағатында оқушылар тоқсанның   ортасына дейін сынып бөлмесін гүлмен көмкеріп қоюға келіскен болатын. Ауылдан   алысырақ болса да, ағасымен еріп, дария бойындағы қалың шеңгелдіктен қара   топырақ алып келді. Түсінен ақ көпжылғы шөптердің шіріндісі екені көрініп   тұр. –Гүл егіп, бөлмемізге қоямыз,-деді Гүлмайда әжесіне мән-жайды   түсіндіріп. Сол кезде сыныптың іші құлпырып кетеді. Ауасы да тазарады.

-Оның рас,-деді   әжесі немересінің сөзін де, ісін де мақұлдап

.-Гүл өскен   ортаның бәрі әдемі. Сиқыры бар өсімдік қой гүл деген.

     Гүлімай гүлінің шығуын дегбірсіздене   асыға күтті. Аптадан асқанда еккен гүлі қылтиып шықты. Гүлімай сол сәтте өзін   ерекше бақытты сезінді. Өз қолымен еккен алғашқы гүлі. Әжесінен сүйінші сұрап   қалай жетіп барғанында байқамай қалды. –Гүлдей көктейсің, ботам,-деп әжесі де   мейірлене бетінен сүйіп жатыр.

-Гүл адам   алалайды. Мейірімді кісінің қайырымды қолынан шықса, тез қаулап өседі.   Гүлімай гүлін мектепке алып баруға асықты. Атасы «бойын түзесін, апайыңа   екеуміз барып тапсырамыз» деп сабырға шақырмағанда, сол бойда алып кетуі   мүмкін еді.

 

-Апайы оқушыларға қандай тапсырма   берді?

-Гүлімай тапсырманы қалай орындады?

-Гүлімайдың гүлі неліктен жақсы өсті   деп ойлайсыңдар?

- Гүл отырғызып,   өздерің баптап өсіріп көргендерің бар ма?

-Өздерің қандай   гүлді ұнатасыңдар?

-Гүлімайдың іс-әрекетінен  қандай құндылықтарды  көрініп тұрсыздар??

 

 

Мәтін үнтаспадан тыңдалады.

5. Шығармашылық  іс-әрекет,     топтық жұмыс

  Қолдарындағы сурет қиықтарын біріктіру арқылы  4 жыл мезгілінің суретін құрастыру.   (көктем, жаз күз, қыс)                     

Тапсырма: Абайдың жыл мезгілдеріне   байланысты шығарған өлеңдерін оқып, алған әсерлерін айту.

  

        Абайдың   дүниежүзілік озық поэзиядан алған тағы бір үлесі-табиғат лирикасы. Табиғат   лирикасы - Абайды ұлы талантын, биік мәдениетін танытатын өлеңдер. Табиғат   адам баласының еңбек етіп өмір сүретін ортасы. Абайдан бұрын табиғат   көрінісін мұншалықты шебер, терең һәм жан-жақты жырлаған ақын болған емес.

Табиғат   туралы видео тамашалау

Топтық   жұмыс: Берілген ойды   аяқтау

1-топ: Табиғат-мен үшін қуаныш...

 

2-топ: Табиғат- мен үшін «денсаулық ордасы»...

 

3-топ: Табиғат-мен үшін шығармашылық бастауы...

 

Жеке тапсырма: «Табиғат» сөзіне бес жолды өлең   құрастыру (синквейн)

 

1. Не? Табиғат

2. Қандай?

3. Не істейді?

4. Сөйлем

5. Мәндес сөз


6.Топпен ән айту         «Әдемі»   әні                   

Өлеңін жазған:   Ақылбек Шаяхметов

Әнін жазған: Ғұсман   Наурызбаев


7.Үйге    тапсырма   Өзін-өзі тану оқулығы  

С.Мәуленов   «Мен елімді сүйемін» мәтінін оқу

 

Кері байланыс

 «Нысана» әдісі бойынша қорытындылау.

-Сары түсті   шеңбер «Бұл тақырып маған өте қызық болды»

-Қызыл түсті шеңбер «маған   бәрі түсінікті»

-Көк түсті шеңбер «маған көмек   керек»


8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті.                                                          

   Баяу әуен қосылады.

         Бүгінгі сабақтан алған жақсы   қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық.  Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!


 


Ашық сабақ. Өзін өзі тану. адам деген ардақты ат.
Ашық сабақ. Өзін өзі тану. Отбасын қадірле
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу