Кәсіподақ күнімен құттықтады

Oinet.kz 13-10-2020 613

«YNTYMAQ» салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласының жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы Бауыржан Әлтеев «10 қазан – Кәсіподақ қызметкерлері күні» мерекесімен «Манкент» шипажайының қызметкерлерін құттықтады. 

66c9be2e-b7dc-4ce9-93c1-c0961b2cd5ca.jpg

Мерекелік жиынға шипажайдың бас директоры Хамрақұл Азатұлы Қорғанов, бастауыш кәсіподақ төрағасы Ержан Жандарбекұлы Нұрашев арнайы қатысты. Салтанатты жиын барысында Кәсіподақ Федерациясының 30 жылдығына орай еңбек адамының мүддесін қорғау және кәсіподақ қозғалысын дамытудағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін бірқатар қызметкерлер ҚР Кәсіподақтар Федерациясының «Грамоталарымен» марапатталды. Сондай-ақ, шипажай басшылығы тарапынан 6 қызметкерге 20 000 теңгеден қаржылай сыйлық берілді.

Кәсіподақ күнімен құттықтады
Кәсіподақ күні аталып өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу