Kaspi.kz-тегі ақау: сарапшы не істеу керегін түсіндірді

Oinet.kz 29-10-2020 799

Киберқауіпсіздік бойынша сарапшы Евгений Питолин "Хабар 24" телеарнасына Kaspi.kz-пен болған жағдайларда не істеу керегін түсіндірді.

Киберқауіпсіздік сарапшысы Kaspi.kz клиенттеріне кеңес берді - Aikyn.kz |  Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар

Халықаралық антивирус компаниясының басқарушы директорының сөзінше, ең алдымен мұндай жағдайларда банк бағдарламасына немесе сайтқа қайта-қайта кіре берудің қажеті жоқ, бұл мамандарға ақауды реттеуге кедергі келтіреді. 

Сондай-ақ сарапшы шабуыл жасалғаны және картадағы ақшаның жоғалып кеткені туралы хабарламаларды таратпауға кеңес берді. Мұндай сәтте адамдарда үрей туып, интернет-алаяқтар бұл жағдайды тиімді пайдаланып кетуі мүмкін. 

Питолин Kaspi.kz-пен болған жағдайларда қолданушылар сабыр сақтап, мамандарға жағдайды реттеуге уақыт беру керегін айтады. Оның айтуынша, мұндай техникалық ақау кез келген қаржы саласында болуы мүмкін. 

Тоқаев коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны әзірлеу барысымен танысты
Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Қазақстанға депортацияланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу