Польшада 16 жастағы қазақстандықтың өліміне байланысты наразылық акциясы өтті

Oinet.kz 11-11-2020 663

Польша тұрғындары 16 жастағы қазақстандықтың өліміне байланысты гүл шоқтары мен шырақтар қойды, деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы". 

image.png

Ополе-Любельске қаласында жергілікті белсенділер наразылық акциясын ұйымдастырды. Олар болған жайтқа наразы. Айта кетейік, 3 қарашада аңшы 16 жастағы қазақстандық студентті атып өлтірген болатын. 

- Ол жігіт бағдарламашы болуды армандап, біздің еліміздегі мықты сарапшылардан білім алуға келді. Енді оның орнына үйіне сүйегін апара жатыр. Бұл сұмдық қой!, - дейді наразылық акциясын ұйымдастырушы Михаль Вольный. 

Митингіге шыққандар аңшылардың құқығын шектеуді, оларға үнемі тексеріс жүргізіп, тұрғын үйлердің маңында қару қолдануға тыйым салуды талап етті. 

- Бақылаусыз әрекет етіп жүргендерін көріп отырсыздар. Қалағанын істейді, адамдарды өлтіреді! Иманәлидің басынан өткен қайғылы жағдай ешқашан қайталанбағанын қалаймыз, - деді белсенді. 

Жасөспірімдер үйінің түлегі жетім балаларды 15 млн теңгеге алдаған
Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу