Қостанайда айыппұлды "таңдап" салған санитар дәрігер жазаланды

Oinet.kz 21-11-2020 1346

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында прокуратура облыс орталығының бас санитар дәрігері Алмат Бәйкеновті карантин ережелерін бұзғандарға жазаны таңдап берді деп айыптады, - деп хабарлайды "Костанайские новости".

Fqsgg9k.jpg

Прокуратура мәліметінше, Бәйкеновтің полицияға берген 100 пайыз істің тек 4 пайызына айыппұл салынған. Кейбір кәсіпкерге айыппұл жеке тұлға ретінде салынса, енді біріне айыппұл мүлде салынбаған. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің пікірінше, мұндай жағдайда азаматтар карантин шарасына жауапкершілікпен қарамайтын болады. Одан бөлек, мұндай жұмыс мемлекеттік қызметкерлердің имиджіне нұқсан келітереді. 

Алмат Бәйкенов барлық дәлелмен келісіп отыр. Ол ведомство бүгінде айыппұл көлемі көп болғандықтан қоғамдағы жағдайды ушықтырмау үшін осындай әрекетке бар айтады. Санитар дәрігер кәсіпкерлермен түсіндіру жұмысын жүргізу жеткілікті болады деп ойлаған. 

Кеңес мүшелері Бәйкеновті қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза тағайындаған. Ол мемлекеттік қызметке ауысу арқылы тағайындала алмайды, сондай-ақ конкурс нәтижесі бойынша, жаза қолданылған уақытта сыйақы ала алмайды, ал егер жұмыстан шыққан жағдайда 3 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.   

Одан бөлек, мемлекеттік қызметкерге Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқармасының карточкасы берілді, ол 3 жыл бойы қолданылады.

Ғалымдар коронавирус туралы таңғаларлық мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтандағы дәмханада жарылыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу