Қазақстандық боксшы қарсыласын 43 секундта нокаудқа жіберді (видео)

Oinet.kz 21-11-2020 809

Жауырыны жер иіскемеген қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов кәсіби-рингте сегізінші жеңісіне жетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

image.png

Мұсаділов бірінші ауыр салмақта (90,718 келіге дейін) өнер көрсетеді. Бұл жолы ол Хайалияда (Флорида, АҚШ) 29 жастағы мексикалық Даниэль Нахераға қарсы шыққан еді.

Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған, бірақ бірінші раундтың 43-ші секундта аяқталды. 26 жастағы Мұсаділов қарсыласын бұрышқа итеріп, соққының астына алып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

«Оқитын ұлт» деген үлкен жоба бастадық» - Асхат Аймағамбетов
Соңғы тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу