«Құдай мұндай азапты ешкімге сездірмесін» - Назарбаев

Oinet.kz 27-11-2020 8049

Бірінші желтоқсанда "Хабар" арнасынан Елбасының өмірі мен қызметіне арналған "Портреттің штрихтары" көпсериялы деректі фильмінің премьерасы өтеді. Фильмнің тизері Тұңғыш Президент баспасөз қызметінің Instagram парақшасында пайда болды. 

image.png

Елбасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Портреттің штрихтары" фильмінің бірінші бөлімі эфирге 1 желтоқсан сағат 21:40-та шығады. Көпсериялы фильм "Хабар" арнасынан көрсетіледі. Көпшілікке жария етілген үзіндіде Нұрсұлтан Әбішұлы өз уайымымен бөліскен. 

- Құдай мұндай азапты ешкімге сездірмесін, саған да. Бұл азап кетпейді. Ауырған соң мен сонда әдейі бардым. Менің өмірімде бәрі басқаша болуы мүмкін еді, - дейді Елбасы жарияланған кадрларда. 

Фильмнің режиссері журналист Айгүл Әділова болған. Картина Елбасының баспасөз қызметі мен Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен түсірілген. 

- "Портреттің штрихтары" – Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған, Қазақстанның Тұңғыш Президенті тұлғасының бұрын көрерменге белгісіз болып келген қырларын ашатын көпсериялы деректі фильм. Елбасының эксклюзивті сұхбаты негізінде жасалған, - делінген хабарламада. 


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Елбасының Баспасөз қызметі

Үй күтіміне арналған пайдалы кеңестер
Алматы «сары» аймаққа кірді - Сағынтаев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу