Рулі жұлынып кеткен көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

Oinet.kz 30-11-2020 544

Алматыда жол апаты салдарынан жаяу жүргінші ер адам қаза тапты,  деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы Сейфуллин даңғылында, Ақан сері көшесімен қиылысқа жақын жерде болды. 

Hyunday Elantra қиылыста, бағдаршамға жетпей, жаяу жүргіншіні қағып, бірнеше ондаған метрге сүйреген.

Соқтығысу салдарынан 1987 жылы туған ер адам алған жарақаттарынан қаза болды.

Ал көліктің рулі мен панелі жұлынып кеткен. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Соңғы тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Байден құлап, табанын сындырып алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу