Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының үндеуі

Oinet.kz 01-12-2020 653

image.png

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ!

2021 ЖЫЛҒЫ 10 ҚАҢТАР

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы

Егер Сіз дауыс беру күніне 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сіз Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға құқығыңыз бар.

Сіздің сайлаушылар тізімдерінде болуыңыз сайлауға қатысуға конституциялық құқығыңыздың іске асырылуының кепілі болып табылады.

Сайлаушылар тізімдерін жергілікті атқарушы органдар жасайды.

Сіздің нақты сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңіз Сізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін негіз болып табылады. Сайлау учаскелерінің шекаралары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 2020 жылғы 5 қарашадан кешіктірілмей жарияланады.

Әрбір сайлаушы сайлау тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.

image.png

Егер Сізге 2020 жылғы 10 желтоқсанға дейін сайлау күні тіркелген жеріңіз бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігіңіз болмайтыны белгілі болған жағдайда, Сіз баратын жеріңіздегі әкімдікке Сізді сайлаушылардың тиісті тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылысыз.

Егер Сіз тұрақты тіркелген жеріңізден тыс елді мекенде болсаңыз және тұрғылықты жеріңіз бойынша уақытша тіркелген болсаңыз, Сіз 2020 жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірмей, сайлау күні өзіңіз дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен Сіз өзіңіз уақытша болатын жердегі әкімдікке жүгінуге құқылысыз.

Құрметті сайлаушы! Құқықтық сауаттылық танытыңыз және өзіңіздің сайлау құқығыңызды іске асырыңыз! Өзіңізді сайлаушылар тізімдеріне енгізу бойынша заңды маңызды әрекеттерді уақтылы қабылдауыңыз қажет.

2020 жылғы 26 желтоқсаннан бастап Сізге өз сайлау учаскеңіздегі сайлаушылар тізімінен өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі.

Анасы ұлын 28 жыл бойы қамауда ұстаған
Данияр Елеусінов маңызды мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу