Нұр-Сұлтандағы Jekpe-Jek Saraiy спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің аты берілді

Oinet.kz 02-12-2020 767

Нұр-Сұлтан қаласындағы Jekpe-Jek Saraiy спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің аты берілді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Жақсылық Үшкемпіров.png

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен әрі қолдауымен Елордамыздағы Жекпе-жек сарайына ресми түрде даңқты балуан, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров ағамыздың есімімен аталатын болды. Бұл шешім былай қабылданған еді..., - деп жазды ол.

Жаксылык Үшкемпіров.png

Айта кетейік, бұл сарай 2019 жылдың 6 шілдесінде ашылды. Онда 25 метрлік бассейн, жаттығу және күрес залдары, футбол алаңы, сондай-ақ жайлы қонақүй бар.

Құрылысты "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры жүзеге асырған. Жобаның құны шамамен 19,5 миллиард теңге.

image.png

image.png

Асхат Аймағамбетов ЖОО ұстаздарына уәде берді
Жанболат Мамай Жаңаөзен оқиғасы туралы шындықты айтты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу