Тәртіп сақшылары теологтан дәріс алды

Oinet.kz 02-12-2020 651

Полиция бөлімінің жеке құрам арасында радикалдық көзқарастарды болдырмау мақсатында кездесулер ұйымдастырылуда. «Рухани жаңғыру мәселесін арттыру» және дін сауаттылығын көтеру үшін Түркістан облыстық Дін басқармасының Бәйдібек ауданы Шаян мешітінің имамы шақыртылып, тәртіп сақшыларымен кездесу өткізілді. 

Теолог мамандар.jpg

Іс-шара Бәйдібектен бастау алып, Түлкібас ауданында жалғасын тапты. Түлкібас АПБ-нің мәжіліс залында аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, рухани кездесу ұйымдастырылды. Түркістан облысы «Дін мәселелерін зерттеу» орталығының теологы Өтеген Бердуәлі Түлкібас АПБ-нің жеке құрамымен «Эктремистік-террористік ағымдардың алдын алу және ислам діні бойынша дұрыс ақпарат» тақырыбында дәріс өткізді. Сонымен қатар ардагерлер кеңесінің төрағасы Таңатбаев Сауранбек, ардагерлер кеңесінің мүшелері Сыдықов Бақыт, Даулетов Мейірман, Бүркітбаев Бауыржанның қатысуында жеке құрамға полиция қызметкерлерінің оң келбетін қалыптастырумен олардың имиджін арттыру бойынша және патриоттық сезімдерін көтеру мақсатында сұқбат жүргізілді. Жас қызметкерлерге кәсіби біліктілігін көтеруге көмектесу тақырыбында да өнегелі әңгіме өрбіді. 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін мерекелеуге орай Отырар АПБ-нің қызметкерлерімен Отырар ауданы бойынша ардагерлер ұйымының төрағасы Әбдіқадыров Жұмахан кездесті. Ішкі істер органының ардагері жас қызметкерлерге 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттерде ІІО-нің қызметкерлері кездескен қиындықтары мен қызықты оқиғаларын айтып өтті. Сонымен қатар өздерінің қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, қызмет бабында атқарған адал еңбектері мен үлгілі тәртіптері үшін Отырар АПБ-нің бастығының бұйрығына сәйкес 13 қызметкері марапатталды. 

Қазіргі таңда жастар арасында орын алып жатқан қылмыстарды болдырмау, жолын кесу аясында елдің нағыз жанашырлары мен патриоттарын, болашақ тәртіп сақшыларын тәрбиелеудегі іс-шаралар легі алдағы уақытта өз жалғасын табады. 

590 қоғамдық көлік қолданысқа берілді
Түркістан: «Нұротандықтар» жұмысшылардың құқығын қорғау мәселесін көтерді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу