Тыл еңбеккерімен кездесу өтті

Oinet.kz 29-12-2020

Бүгін Түлкібас аудандық мәслихат депутаттығына үміткер партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша Балықты ауылының тұрғыны, тыл еңбеккері С.Құлмановтың шаңырағында кездесу өтті. Кездесу барысында тыл еңбеккері сұрапыл соғыс кезіндегі майданға қатысқан әскерлердің ерлі еңбектері мен соғыста жеткен жеңістерін еске алды. Үміткер сайлауалды бағдарламаны таныстыру кезінде тарих пен мәдениетті дамыту бағытына көбірек көңіл бөлді. 

image.png

Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы. «Nur Otan» партиясы біздің қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайды. Бүгінде Түлкібас ауданында 29-дан аса ұлт өкілдері татулықта өмір сүруде, оның80,8%-ы қазақ, 4,6%-ы өзбек, 5,1%-ы орысжәне9,4%-ы басқа ұлт өкілдері. 

Бейбітшілік пен келісімді қолдау үшін «Nur Otan» партиясы2025 жылға қарай келесідей міндеттерді қояды:

- партияның «Бақытты отбасы» жобасын іске асыруға қатысу. Отбасының рөлін арттыратын және отбасылық құндылықтарды нығайтатын түрлі акциялар мен спорттық шаралар өткізу;

- ұлттық бірегейлікті қалыптастыруды және ұлттың мәдени кодын сақтауды, оның ішінде тақырыптық шаралар арқылы Қазақстан халқының бірлігі күнін жалғастыру;

- «Берекелі шаңырақ» жастар жобасы аясындааналар кеңестерінің жұмысына жағдай жасау;

- ел бірлігін нығайту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумының жұмысын жалғастыру;

- бірлікті, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту үшін этномәдени және діни бірлестіктерді белсенді түрде қолдау;

- аудан аумағында орналасқан тарихи, киелі орындарды дәріптеуге;

- ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға және мәдени кодын сақтауға,оның ішінде такырыптық 300 іс-шаралар өткізуге;

- азаматтық қоғамның дамуына және азаматтық белсенділіктің іске асырылуына ықпал ету.

Қабылданған шаралар бірліктің, саяси тұрақтылық пен рухани келісімнің одан әрі дамуына ықпал етеді. Аудан тұрғындары ауданның қоғамдық-әлеуметтік өміріне белсенді қатысады. Жобаларды іске асыру – маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

Нәтижесінде мәдени және рухани құндылықтарды сақтау туралы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында айтылған ойлар жүзеге асады.

Тыл еңбеккері партияны қолдайтындығын білдірді.

Түркістан: Нұротандық үміткерлер оқу ғимаратын жөндеуге ықпал етпек
Соңғы тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×