«Мен олардың пікір білдіргеніне қарсымын» - Ермахан Ибраимов

Oinet.kz 13-01-2021 869

Қазақстандық белгілі боксшы, олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовтың басы дауға қалды. 10 қаңтар күні сайлауға наразылық танытқан белсенділердің қолындағы плакатын жыртып, олардың пікір білдіруіне қарсы екенін айтқан,  деп хабарлайды Oinet.kz. 

Ермахан Ибраимов.jpg

- Осы уақытқа дейін мен халқыммен бірге болдым және әлі де бірге болатынымды айтқым келеді. Митинг кезінде наразылық білдірген халыққа күш көрсету мақсатында емес, сабырға шақыру үшін барған болатынмын. Бірақ, қарсы топтардың белсенділері маған кері пікір білдіріп, менің жеке намысыма тиетін сөздер айтып жатқасын, жақындап барып, бәрін түсіндірмекші болдым. Сол тұста қарсы топтардың арандатушылары мені кадрға алып, түрлі бағытта ақпараттар таратып жіберген болатын. Иә, әлеуметтік желілерде суретім мен видео тарап кетіп, маған кері пікірлер айтылуда. Оның бәрін сыни тұрғыда қабылдаймын. Алайда мен осы сайлауға қатысуымның себебі де қарапайым халық үшін екенін тағы да айтқым келеді. Себебі төбеме көтеріп, құрметтеген халыққа қарсы шығу менің ойымда да болмаған!, - дейді былғары қолғап шебері. 

Сөзінің соңында, митинг кезінде болған жағдайды қысқаша осылай түсіндіргісі келетінін айтты. Барлығы алда екенін еске салып, ел мүддесі үшін әлі де игілікті істерді атқаратынын жеткізді. 

Боксшы болған оқиға туралы отандық басылымдарға берген сұхбатында не үшін мұндай қадамға барғанын былай түсіндіреді. 

- Жанболат Мамай мен оның жақтастары"президент - кет! Нұр Отан - кет!"- деген осы тектес сөздермен плакат ұстап тұрды. Яғни, бұл адамдар біздің отыз жыл бойы құрған қоғамымызға және оның бірлігіне қол сұғуды ойлаған. Жанболат Мамай деген кім?! Ол отыз жастағы әлі өмірде ештеңеге қол жеткізе алмаған боқмұрын. Ал мен өз елім үшін күресіп, мемлекеттің даңқын асырып, түрлі жарыстарда Қазақстанның намысын қорғап, Олимпиада чемпионы атандым. Сондықтан мен кейбір адамдар осындай қорлайтын ұрандармен сөйлей бастағанда, жай қарап тұра алмаймын, - деп кесіп айтты ол. 

«Кемшіліктер анықталатын болады» - Асхат Аймағамбетов
Шымкент тұрғыны жасырын казиноның бүкіл табысын әжетханаға ағызып жіберген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу